Қоғам

Елде биыл 14,5 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда

Биыл елде жалпы құны 1,1 трлн теңге болатын 149 ірі жобаны іске асыру көзделген. Мұның есебінен 14,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл жайлы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде айтылды деп LS агенттігі хабарлады. Сондай-ақ, өткен жылы ел бойынша жиынтық көлемі 2 трлн теңгеден астам сомаға 160 жоба жүзеге асырылыпты. Нәтижесінде 14,4 мың адам жұмыспен қамтылған.


Алдияр Айтпаев