Қоғам

Ауылдарда 143 млрд теңгенің жобалары жүзеге асырылады

Биыл еліміздің ауылдарында 1,5 мың жоба іске асырылады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 736 елді мекен үшін 143 млрд теңгеге жуық қаржы бағытталмақ. Оның 102 млрд теңгесі жергілікті бюджеттердің шығыстар базасына берілді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында – 119, әлеуметтік инфрақұрылымда – 275, оның ішінде білім беру саласында – 91, денсаулық сақтау саласында – 45, мәдениет және спорт саласында 139 жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ, ауылiшiлік жолдардың жағдайын жақсарту бағытында мыңнан астам жобаны орындауға мүмкіндік бар.


Алтынай Казиканова