ТЖ

Моншадан шыққан өрттің себебі

 

Петропавлда сенбі күні Парк көшесіндегі монша жанып кетті. Сағат 12 кезінде жедел хабар түсе салысымен оқиға орнына 41 құтқарушы мен 11 техника жетеді. Өрт шыққан жерге барған кезде ғимарат лапылдап жанып жатқан. Мамандар қызыл жалынды 40 минуттың ішінде ауыздықтап, 2 сағаттың ішінде толығымен сөндірді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Келесі күні таң ата жанып кеткен нысан ішінен қайта түтін шыға бастаған. Өрт сөндірушілер жедел әрекет етіп, қызыл жалынның қайта бой көтеруіне жол берген жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрт пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау салдарынан болған.


Дана Ешкенова