Қоғам

Қазақстанның сыртқы тауар айналымы артты

Өткен жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқы тауар айналымы 33,4%-ға өсіп, 122 млрд АҚШ долларына жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 42,4%-ға артып, 77,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,8%-ке ұлғайып, 24,1 млрд долларға өсті. Сондай-ақ, елде Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара сауда-саттық артып келеді. 11 айдың қорытындысы бойынша алыс-беріс ауқымы 25,5 млрд АҚШ долларын құрады. Қаржының басым бөлігі импорттың үлесінде. Мәселен, елімізге көршілес Ресей елінен 15,8 млрд доллардың тауары әкелініпті, ал экспорт 7,8 млрд долларды құраған.