Қоғам

ЖҚО қызметкерлеріне өзгелерге жұмыс тауып бергені үшін жалақы төленеді

Алдағы уақытта халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері жұмысқа орналастырылған азаматтардың санына қарай жалақы алатын болады. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кеңейтілген алқа отырысында мәлім етті. Жоба биыл Астана қаласы, Қарағанды және Түркістан облыстарында пилоттық режимде сыналады. Кейін ел бойынша қолданысқа енбек. Әзірге, жұмыс берушілер бос жұмыс орындарын электронды еңбек биржасына енгізуге міндеттелді. Жұмыссыз азаматтар ол туралы арнайы мобильді қосымшадан біле алады.


Дана Ешкенова