Қоғам

Аманаттықтар жетім балаға көмек көрсетті

«AMANAT» партиясының Ақжар аудандық филиалының өкілдері 3 жасар Константин Ткаченкоға көмек көрсетті. Бүлдіршіннің ішімдікке салынған анасы 2022 жылдың қазан айында қайтыс болған, әкесі түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Сәби аудандық ауруханаға 3 ай бұрын түскен кезде салмағы небәрі 5-ақ келі болыпты. Емдеу мекемесінің бас дәрігері аудандық бас партия филиалына жүгініп, аурухана қабырғасында өсіп келе жатқан Константинге ойыншық, жаялықтар мен киім-кешек қажет екенін айтқан. Аманаттықтар баланың дамуына септесетін ойыншық, азық-түлік пен киім-кешек жеткізіп берген. Бұл біржолғы көмек емес. Қазіргі уақытта бала 3 келі салмақ қосқан, отыруды үйреніпті, алқашқы қадамдарын да жасап жатса керек. Қорғаншылық және қамқоршылық органдары кішкентай Константинді Сәбилер үйіне орналастыру мәселесін қарастырып жатыр.


Самал Жунусова