Денсаулық сақтау

Дәрігерлер көмегіне үсік шалған 17 адам жүгінді

 

 

 

Қаңтар айы басталғалы қаладағы жарақат зардабын емдеу пунткіне үсік шалған 17 адам келген. Мамандардың айтуынша, үсіктің дені 1-ші және 2-ші дәрежелі болып саналады. Денесінің аяз қарыған тұсы ушығып кеткендіктен тіпті ампутация жасау қажеттілігі туындаған жағдайлар да бар. Жақында аудандардың бірінде ер адам аттан құлап, үйіне жеткенше қолын үсітіп алған. Салдарынан 3-4 дәрежелі үсік алған. Дәрігерлер осындай жағдайға душар болмау үшін ауа температурасына баса мән беру қажет екенін және сақтық ережелерін ұстануды шақырады.


Самал Жунусова