Шал ақын ауданында жоғалып кеткен 31 жастағы балықшы өлі күйінде табылды. Марқұмның денесі Ступинка ауылынан 3 шақырым жерде анықталды. Құтқарушылардың айтуынша, ол қар құрсауында қалып қойған. Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ғабит Мүсірепов ауданының 3 тұрғыны көрші аудандағы Ступинка елді мекені маңындағы көлге қармақ салуға барады. Алайда, үйлеріне тек екеуі ғана қайтады. Көлде бірге болған қос азаматтан жауап алыныпты. Олар достар арасында ешқандай дау туындамағанын, Болат Ақиевтің өз еркімен кетіп қалғанын айтқан.