Құрылыс

Құрылыс саласының мәселелері талқыланды

 

 

Құрылыс саласында өткір тұрған мәселелер қаузалды. Руслан Аңбаевтың қатысуымен облыстық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің кезекті кездесуі өтті. Жиында жергілікті кәсіпкерлер қала әкіміне базыналарын жеткізді. Солтүстікқазақстандық серіктестіктер үйлерді салады, бірақ, нысанға инженерлік коммуникацияларды басқа компания тартады. Олар жұмысты созып жүреді, осылайша жылдап пәтер кезегінде тұрған ағайынның күні күтумен өтеді. Руслан Аңбаевтың сөзінше, қазіргі таңда қалада желі тарту ісімен айналысатын 3 компания да жұмыстарына салғырт қарайды. Мұндай проблемалар Горький, Порфирьев-Парк, Уәлиханов көшелері мен Берекедегі барлық нысандарда байқалады.

РУСЛАН АҢБАЕВ, Петропавл қаласының әкімі:
Олардың барлығы түзетуге жатады. Түзетуден кейін біз шарттарды бұзып, қалған жұмысқа қатысты конкурстарды қайта жариялайтынымыз анық. Біз, әрине, үй салу мен желілерді тарту жұмыстарының бөлек жүргізілуіне қарсымыз. Олар бір жоба арқылы іске асырылуы керек. Болашақта мұндай жағдайлар қайталанбайды деп ойлаймын.