МТРА жаңалықтары

2022 жылы ел экономикасы 3,1 пайызға өсті

 

 

2022 жылы ел экономикасы 3,1 пайызға өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті. Оның ішінде нақты сектордағы өсім – 3,2, ал қызмет көрсету саласында 2,5 пайызды құрады. Оң өсім қарқыны құрылыс, ауыл шаруашылығы, ақпарат және байланыс, сауда, көлік және қоймалау, өңдеу өнеркәсібі салаларында тіркелді. Тау-кен өндіру өнеркәсібінде өңдеу қарқыны 1 пайызға төмендеген. Министрдің сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестицияның өсу қарқыны 7,8 пайызға жетті.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі
– 2022 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда тауар айналымы 33,4%-ке өсіп, 122,2 млрд долларға жетті. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 42,4%-ға артып, 77,6 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 33,8%-ке ұлғайып, 24,1 млрд долларға өсті.