Спорт

Маусымға дайындық

“Qyzyljar” футбол клубы маусымға дайындықты бастады. Кеше петропавлдық ұжым Түркия еліне оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін ұшып кетті. Команда сапында Тимур Мульдинов, Артём Черединов, Ильдар Аитов, Алмас Измайлов, Жеңіс Мирас, Жантөре Молдабаев және Вадим Петров сынды жергілікті аяқдоп шеберлері бар. Қара теңіз жағасындағы әзірлік кезінде қатарға жаңадан футболшылар қосылмақ. Дайындық 3 жұмаға созылады. Оның барысында команда бірнеше жолдастық кездесу де өткізбек. Өкінішке қарай, қазір отандық БАҚ беттерінде “Qyzyljar” сапынан белді ойыншылардың кеткені жайлы ақпар тарауда. Соның бірі – Мирослав Лобанцев. Қырағы қақпашы қазір “Aktobe” футбол клубында қаралымда жүр.