Қоғам

Айыртау ауданында жүк көліктері батып қалды

 

 

Айыртау ауданында дүлей боран салдарынан 2 ауыр жүк көлігі батып қалды. Бірінші жағдай Елецкое мен Айыртау ауылдары арасындағы автожолда тіркелді. Мұнда бульдозер тиелген «МАЗ» көлігінің жүргізушісі «102» нөміріне қоңырау шалған. Тәртіп сақшылары жергілікті кәсіпкерге жүгініпті. Іскер жан К-700 тракторын ұсынып, темір тұлпар қар құрсауынан шығарылған екен. Екінші жағдай Лобаново мен Имантау ауылдарының ортасында орын алды. Бұл жерде жасымық әкету үшін сонау Түркиядан келген фура батып қалған. Абырой болғанда, ол да полицейлердің көмегімен шығарылды.

 

REL POST ID: