Өңір тұрғындары зейнетақы жинақтарыннан тиісті соманы тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емдеуге бағыттаған. 2021 жылдан бері БЖЗҚ-ның облыстық филиалына зейнетақы салымдарын пайдалануға арналған 32 мың өтінім келіп түскен. Оның 23 мыңы қабылданып, тұрғындардың арнайы шоттарына жиынтық көлемі – 286 млрд теңгеден астам қаржы аударылған. Емделу бойынша келген өтінімдер азырақ – 5 мыңнан асады. 4 мың өтінім мақұлданып, 2 млрд теңгеден астам қаражат аударылыпты. LS агенттігінің хабарлауынша, былтыр Қазақстанда тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында зейнетақы салымдарын пайдалануға арналған 600 мыңнан астам өтінім орындалып, 703 млрд теңге бағытталған.
REL POST ID: