Қоғам

Петропавлда қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздар еске алынды

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясында қаңтар оқиғасында қаза тапқан сарбаздар Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов еске алынды. Іс-шара бір минут үнсіздікпен бастау алды. Кейін білім ордасының бастығы Артур Тоқышев жеке құрам алдына шықты. Ол сөйлеген сөзінде “Антқа адал ұлдардың есімдері Ұлттық ұланның батырлық шежіресіне мәңгі енеді” деді. Естеріңізге сала кетейік, қатардағы жауынгер Мадияр Қайсаров Қызылорда қаласында, ал Айбат Аманов Талдықорған қаласында қызмет етті. Ерлік көрсеткен қос сарбаз қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен және «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.