Құқық қорғау органдары

Мереке күндері 6 солтүстікқазақстандық жүргізуші куәлігінен айрылды

 

 

Қанша айтылғанымен, тыңдайтын құлақ болмай тұр. Мереке күндері 6 жерлесіміз жүргізуші куәлігінен айрылды. Олардың барлығы темір тұлпар тізгініне спирттік ішімдік ішіп отырған. Тәртіпке бағынбағандар жазасыз қалмайды. Тиісті заң аясында бәрі жазаланады.

Баян Байғаскина – СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы
–  Өткен демалыс күндері жол жүрісі қағидаларының 360 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 6-уы – көлік құралын мас күйде жүргізгені үшін. Көлік құралын мас күйде басқару үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. 

Статистикаға сүйенсек, өткен жылы өңір жолдарында 1 173 жүргізуші масаң күйде ұсталған. Олардың 28-і жол-көлік оқиғасының орын алуына себепкер болған. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 30 жан түрлі дене жарақатын алған.

 

Откуда, куда едете? – Из Петропавловска в Астану. – В Астану? Что перевозите? – Снегоход. – Снегоход? Показать можете?

Мас жүргізушілер жол қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған іс-шаралар барысында анықталады. Полицейлер заң бәріне ортақ екенін айта келе, жерлестерімізді тиісті ережелерді қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде аса сақ болуға шақырады.

 

REL POST ID: