Қоғам

Мереке күндері 100-ге жуық адам қаланы қардан тазартты

 

 

Мереке күндері коммуналдық қызметтер де бел жазбай тер төкті. Олар күн-түн демей облыс орталығын қардан тазартты. Іске 100-ге жуық адам қатысыпты.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
–  Мереке күндері қала бойынша механикалық қар тазалау және қарды сыртқа шығару жұмыстары жүрізілді. Бұл жұмыстарға 80-нен астам техника жұмылдырылды. Күн сайын кешкі 8-ден таңғы 5-ке дейін аумақтар қардан тазаланса, 5 пен 8-дің аралығында құм-тұз қоспасын себу жүргізілді.

Көктайғақты болдырмас үшін биыл жергілікті әкімдік 2 мың текше метр қоспа әзірлепті. Бейнематериал дайындау барысында мамандардың жұмысына кедергі келтіретін жайтты да құлағымыз шалды. Кейбір қала тұрғындары жол шетіне көліктерін қалдырып кететін көрінеді. Соның салдарынан көшелер ақ ұлпадан дұрыс тазаланбайды. Бұл ретте билік өкілдерінің айтары бар.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
Қаз/план/ Құрметті көлік жүргізушілері, көліктеріңізді жолдың шетіне тастамаңыздар! Себебі, үлкен техника өте алмайды.

“Қазгидромед” өкілдерімен де хабарластық. Олар 2-3 күн бойы өңірде қар жауады деп отыр. Кейін сынап бағанасы төмендемек. Ал жергілікті әкімдік мамандары ақ ұлпа молынан түсіп, қажеттілік туындаса, техника санын 200-ге дейін жеткізуге қауһарлымыз дейді.

 

REL POST ID: