Қоғам

Қазақстанда 1,5 мың апатты және тозығы жеткен үйлер бұзылады

 

2023 жылы республика бойынша 15,3 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу көзделіп отыр, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Өңірлерде 1,5 мың апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу бойынша жергілікті жөндеу бағдарламалары қабылданады. Бұдан бөлек, халықты 97 пайызға сумен қамту жоспарлануда. Республикалық және облыстық маңызы бар сарқынды суларды тазарту деңгейі 80% дейін, ал жылу мен суды баспанада ортақ есепке алатын аспаптармен жабдықтау 83 пайызға ұлғайтылуы тиіс. Құрылыс кодексі әзірленеді. Ол саланың көптеген жүйелік мәселелерін шешуге және оның ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы 12 мың шақырым автожолдарда да құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Оның 4 мың шақырымы – құрылыс және реконструкциялау, 3,2 мыңы – күрделі және орташа жөндеу, ал 4,5 мыңы – жергілікті жолдарды қайта қалыпқа келтіру.