Қоғам

“Алматы-Петропавл” пойызы күнара қатынайтын болады

 

“Алматы-Петропавл” пойызының жол жүру жиілігі уақытша қысқарады. Жүрдек пойыз 6-шы ақпан мен 6-шы наурыз аралығында күнара қатынамақ. Мұндай шешімді «Жолаушылар тасымалы» компаниясы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қабылдапты. Тағы бір өзгеріс, құрамнан “Турист” санатындағы 4 вагон алынып отыр. Олар жөндеуден өтпек. Жауапты компания өкілдері ағытылған вагондарға билет алған адамдарға басқа бос орындар берілетінін немесе билет құны толық қайтарылатынын хабарлайды.

REL POST ID: