Қоғам

Мереке күндері қоғамдық көліктердің жүру кестесі

 

Петропавлдықтар мен қала қонақтарының құлағына алтын сырға! Мереке күндері қоғамдық көліктердің жүру кестесі өзгереді. Желтоқсанның 31-і автобустар кешкі 20:00-ге дейін қатынайды. Ал қаңтардың 1-і күні таңғы 10-нан бастап жолаушы тасымалдайтын болады. Көліктер арасындағы уақыт аралығы 15-20 минутты құрайды.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
–  Қаңтардың 2-нен автобустар таңғы 7:30-дан бастап жүреді. Бұл күнделікті кестеден 1 сағатқа кеш. Ал 3-нен бастап қоғамдық көліктер күнделікті кесте бойынша 6 жарымнан кешкі 21:30-ға дейін жүреді.

REL POST ID: