Kurultai banner mobile

Құқық қорғау органдары

Биыл іздеу салынған 65 қылмыскер ұсталған

 


Биыл өңір полицейлері іздеу салынған 65 қылмыскерді құрықтады. Соңғы жағдай күні кеше орын алды. Криминалды полицияның жедел уәкілдері 1 ай бойы іздеуде жүрген қостанайлықты қолға түсірді. Бұған дейін есірткімен ұсталған ер адам бұл жолы ұрлық жасапты. Тәжірибеге сүйенсек, көбінесе заң бұзушылар өзге облыстарға барып, ауылды жерлерде жасырынады. Ағымдағы жылы ұсталған қылмыскерлердің 14-і өткен жылы қылмыс жасағандардың тізімінде екенін де айта кету қажет.