Қоғам

Жаңажылдық бағдарлама

 


Петропавлдықтар жаңажылдық жарқын бағдарламаны қатарынан 6 күн, яғни желтоқсанның 29-ынан қаңтардың 3-іне дейін тамашалай алады. Бүгін қаланың орталық алаңында би кеші мен викторина өтеді. Дәл осы жерде ертең “Жаңа Жылды бірге қарсы аламыз” атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Жаңажылдық отшашу 31-ші желтоқсанда облыс орталығының басты алаңында болады, ал концерттер қаңтар айының басында өтеді.