Қоғам

Түзету мекемесінде ашық есік күні өтті

 

Жаңа жыл қарсаңында қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№50 мекемесінде» ашық есік күні өтті. Жазасын өтеушілер туған-туыстарымен кездесіп, сағынышын басты. Шараға 100-ден астам адам келген, оның 27-сі – бала. Сотталғандар жақындарына арнап мерекелік концерт дайындаған. Аяз ата, Ақша қар мен аниматорлар келушілердің, әсіресе, ұл-қыздардың көңілін бір серпілтті. Бүгінде мекемеде 200-ден астам қыз-келіншек жазасын өтеп жатыр.

ҚАРЛЫҒАШ ҚҰРМАНБАЕВА
–  Мен бүгін қызыма келдім. Жаңа жыл қарсаңында осы мейрамды ұйымдастырғаны үшін мекеме басшылығына алғысым көп. Барлығы риза.