Қоғам

Петропавлда бас шырша жағылды

 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:
–  Басты алаңға жиналып жатқан жұртшылықтың қарасы қалың. Жерлестеріміз бас шыршаның жануын асыға күтуде. Бірақ, одан бұрын ортаға Аяз ата мен Ақшақар шығып көпшілікке мекелік көңіл-күй сыйламақ.

Мерекелік кештің басты кейіпкерлері көпшілікті көп күттірмеді. Бұл жолы Аяз ата мен Ақшақар ортаға “лимузин” көлігімен шықты. Бұл, әрине, көпшілікті таң қалдырды. Кейіннен кезек шырша жағу рәсіміне де келіп жетті.

Әп-сәтте 30 метрлік жасыл желекке сән кірді. Кейіннен басты алаңда қызылды-жасылды отшашу атылды.

Мерекелік жиынға облыс әкімі Айдарбек Сапаров қатысты. Өңір жетекшісі жұртшылықпен бірге концертті тамашалап, қаланың безендірілуіне көз жүгіртіп баға берді. Жалпы, биылғы мерекелік сәндеу қала тұрғындарының көңілінен шыққан сыңайлы.

 

–  Барлығы өте әдемі. Қаламыз күннен күнге көркейіп келеді. Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын.
– Шырша үлкен екен. Маған ұнады. Барлығы өте жарық болған екен.
– Барлығымызға тілейтінім денсаулық, ашық аспан. Бақытты болыңыздар.

Шарада осы кештің тұрақты қонақтары “Велопетро” ұжымы да төбе көрсетті.

АЛЕКСЕЙ ЛАЗАРЕНКО
–  Барлығы керемет өтуде. Ұжым атынан жерлестерімізге барлық жақсылықты тілеймін. Елімізде татулық пен молшылық болғай.

Айта кетейік, қала безендіруге жергілікті кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен.

REL POST ID: