Ауа райы

Жаңа жылда ауа райы қандай болады?

 

Қазір күн суытып барады. Бүгін-ертең ауа температурасы түнде минус 22 мен 27 градустың аралығында, күндіз минус 18 бен 23 градус шамасында болады. Келесі аптада Жаңа жылға қарай күн сәл жылиды. Көктайғақ болады, қар жауады.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РМК СҚОФ бөлім басшысы:
– Жаңа жыл қарсаңында, яғни желтоқсанның 31-і түнде 17-22 градус аяз, күндіз 1-ші қаңтарда 10-15 градус аяз күтіледі.