Құқық қорғау органдары

Есірткі саудалаған петропавлдық 11 жылға сотталды

 

Есірткі саудалаған петропавлдық 11 жылға сотталды. Өңір полицейлері 28 жастағы қала тұрғынын 2 келі марихуана сатып жатқан жерінен құрықтады. Заң бұзушының тұрғылықты мекен жайын тінту барысында мамандар тағы 12,5 келіге жуық марихуана салынған қапшық пен 143 грамм гашиш тәркілеген.