Қоғам

Үздік архившілер марапатталды

 

22-ші желтоқсан – архившілер күні. Осыған орай Петропавлда өңірге қатысты көне де құнды жазба деректерді сақтап, зерттеп отырған мамандарға арналып іс-шара ұйымдастырылды. Жиында маңдайалды мамандар марапатталды: екеуіне облыс әкімінің Құрмет грамотасы, тағы біреуіне алғыс хаты берілді.

Ақжар ауданы архивінің штаттан тыс аудармашысы Жандос Мәдиқажының тарихи дерек топтастырумен айналысып жүргеніне көп болған жоқ. Десе де, өз ісіне деген ұқыптылық пен жауапкершілігінің арқасында алғыс хатпен марапатталды.

ЖАНДОС МӘДИҚАЖЫ, Ақжар ауданы архивінің штаттан тыс аудармашысы
– Араб тілі графикасынан қазақшаға аударма жасаймын. Архивте әр түрлі заманның тыныс-тіршілігімен танысуға болады. 8 айдың ішінде 500 беттей аударма жасадым.

Құнды деректерді көздің қарашығындай сақтап, тарихтың бұрмалануына жол бермейтін жандар. Бүгінгі жиында 18 адам марапатталды. Соның ішінде 2 сала ардагеріне «Архив саласының үздігі» деген төсбелгі табыс етілді.

Жиында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың еңбегі елеусіз қалған жоқ. Нәзікжанды “Еңбек даңқы” медалімен марапатталды.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры
–  Бүгінгі күнде 204 қызмкеткеріміз бар. 1 млн 700 мыңнан астам істі сақтап, зерттеушілерге көмектесіп жүр. Солтүстік Қазақстан архиві еліміздің архивтерінің ішінде алдыңғы қатарларының бірі болып саналады. Сонымен қатар, уақыт өткен сайын құжаттарды қайта жөндеуден өткізіп жатырмыз.

Облыстық архив мамандары Қозыбаев университетінің зерттеушілерімен бірігіп 3 жинақ әзірлеген. Туындылар “Әскери тұтқындар”, “Алаш қайраткерлері” және “Саяси қуғын-сүргін” деп аталады.

 

REL POST ID: