Қоғам

ҮЕҰ-ларды гранттық қаржыландырудың жаңа тәсілдері

 

Бүгінде елімізде барлығы 17 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Жыл сайын оларды қаржылай қолдау үшін қомақты қаражат бөлініп отырады. Мәселен, қазір ұйымдарды мемлекеттік қаржылық қолдаудың 3 негізгі бағыты бар. Алғашқысы – 2005 жылдан бері іске асырылып келе жатқан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс. Бұл ретте ақша мөлшері соңғы 5 жылда 20 пайызға артып, жыл сайын орта есеппен 2 мыңға жуық жоба іске асырылуда.

 

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:
–  Екінші бағыт – сыйлықақылар. Республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін 2017 жылдан бастап ҮЕҰ-ға беріліп келе жатқан ақшалай сыйлықақы. Ағымдағы жылы сыйлықақылар жалпы сомасы 95 млн теңгеге 14 бағыт бойынша 54 ҮЕҰ қолдау көрді. Жалпы, гранттарды іске асыру кезінде 2016 жылдан бастап гранттық қаржыландыру көлемі 10 есе ұлғайып, жобалар саны 6 есеге өсті.

Биыл 2 млрд теңгеге жуық сомаға 60 жоба іске асырылған. Мадияр Қожахмет қаржыландырудың қосымша тетіктері енгізілгені жайлы да ақпарат берді. Жаңа формат бойынша мемлекеттік органдар гранттарды топтау бойынша қалыптастырады. Енгізілген өзгеріс аясында 2023 жылға 1,2 млрд теңгеден астам қаржы бөлу көзделген. Нәтижесінде, дін саласында, жастар саясатын дамыту бағыттары бойынша жобалар қолдау таппақ.

МАДИЯР ҚОЖАХМЕТ, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы
–  Келесі жылдан бастап грант беру электронды портал арқылы жүзеге асырылатын болады. Оған тек электронды форматтағы құжаттарды тапсыру керек. Арнайы платформа әзірленіп жатыр. Келесі жылы тесттік режимнен кейін, өтінімдер қабылданады.

Қазіргі таңда 8 арнайы бағыт бойынша жобалар қаржыландырылуда. Олар Қазақстанның барлық өңірлерінде жүзеге асырылып жатыр, түрлі саланы қамтиды.

ҒАЛЫМ ҚҰРМАН, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы:
– «Біргеміз», «Асыл мұра» деген бағдарламаларымыз бар. Биыл алғашқы том жарық көрді, мемориалды кешендер. Келесі жылы тарихи ескерткіштер шығады. Үшінші жылы мәдени ескерткіштер бойынша 3 томдық кітаптар шығады.

Келесі жылы басым бағыт бекітілмек. Яғни, қай жобаға көбірек көңіл бөлінетіні белгілі болады.