Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тәуелсіздік стеласына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

­


Бүгін барша қазақстандықтар үшін айрықша маңызды күн. Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсағанТәуелсіздігімізге 31 жыл толып отыр. Осыған орай облыс әкімі Айдарбек Сапаров пен қоғам белсенділері Тәуелсіздік стеласына гүл шоқтарын қойып, тәуелсіздікке жету жолында жанын пида еткен жандардың рухына тағзым етті.



Тәуелсіздік – біздің баға жетпес байлығымыз. Асыл қазынамызға жету жолында қаншама маңдай тер төгіліп, талай азаматтың жаны қыршыннан қиылды. Азаттық үшін күрестер сонау Жоңғар шапқыншылығынан басталған еді.

АҚМАРАЛ ЫБЫРАЕВА, Қозыбаев университетініңбасқарма төрағасы-ректорының кеңесшісі:
Ұлт-азаттық көтерілістер болды. Соның барлығы 86-жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан оқиғасымен ұласты. Жастардың бейбіт түрде алаңға шығуы Кеңес Одағының ыдырауына алып келді. Нәтижесінде, 15 одақтас республика ыдырап, әр мемлекет тәуелсіздігін алды.


31 жыл ішінде еліміз небір сын-қатерден өтті. Дегенмен, жеткен жетістістерімізді де ауыз толтырып айта аламыз. Бүгіндері елімізді барша әлем таниды.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:
Ендігі уақыттарда Жаңа Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтыңайтқанындай, Тәуелсіздік – ең құнды құндылығымыз.Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қазақстанымыз гүлдене берсін!


Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі құттықтауында егемен елімізді одан әрі дамыту – алдымызда тұрған басты міндет екенін айтты. Осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажеттігін де қаперге салды.

REL POST ID: