Денсаулық сақтау

Өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне жаңа көліктер берілді

 

Өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне бүгін 6 көлік берілді.
Оның 1-еуі – қалалық басқармаға, қалғаны аудандарға үлестірілді. Шал ақын ауданындағы бейінді басқарма 5 көліктің бірін иеленгендердің қатарында. Мұндағы автопарктің жаңаланбағанына біраз болыпты. “Ескі көлік уақытты тежейді. Енді жаңасымен белгілі бір ауылға барып, тиісті тексеріс жүргізуде кедергі болмайды”,- дейді аудандық басқарма басшысы Самал Мусина.

САМАЛ МУСИНА, Шал ақын ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
– Бір техника бар бізде. Оған 17 жыл болды. Жұмысымыз қиындау болатын. Ауылдарға шығамыз. Енді қазір жаңа автокөлік пайда болғаны жұмысымызға жақсы болды.

Қазіргі уақытта өңірдің санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында 20 бірлік автокөлік бар. Оның тең жартысы жаңа болса, қалғаны тозып тұр екен. Сол себепті, қазіргі уақытта салалық автопаркті жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы:
–  2020 жылы 5 автокөлік алынған болатын. Бүгінгі таңда тағы 6 көлік беріліп, материалдық-техникалық жағдайымыз жақсарды. Бұл біздің мамандарымызға үлкен көмек болып саналады. Өйткені, мамандар күнделікті санитариялық-эпидемиологиялық іс-шараларды өткізгенде, қоршаған ортаға мониторинг жасағанда, объектілерге баруға байланысты көптеген жұмыстар жүргізеді.

Жалпы, биыл еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық қызметіне
республикалық бюджеттен 130-дан астам автокөлік сатып алыныпты. Келесі жылы өңір қоры тағы толығуы мүмкін. Қанша техника келетіні әзірге белгісіз.