Мәдениет

Өңірде 16 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған

 

Ел тағдырын айқындайтын тәуелсіздік. Осындай атаумен облыстық архивте дөңгелек үстел жиыны ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар назарына бұрын-соңды көрсетілмеген 300-ден астам құжат ұсынылды. Сонымен қатар, Алаш қайраткерлерін қолдау мақсатында өткізілген жиналыс орындары да табылған. Бұл орындар Жамбыл мен Шал ақын аудандарында орналасқан. Оған қоса, М.Жұмабаевтің жергілікті тұрғындарды Алаш қайраткерлерін қолдауға шақырғанын растайтын құжат та анықталған. Өңірде 16 мың адам саяси қуғын-сүргінге ұшырапты. Олардың жартысы ақталып, босатылған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, қуғын-сүргінге ұшыраған өзге солтүстікқазақстандықтардың есімдері анықталды.

 

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:
–  Анықтаған уақытта арнайы архивтерде жұмыс істеп, осы есімдердің ішінде облыстық қазақ театрының алғашқы басшысының Алаш идеясын қолдағаны анықталды. Алаш туралы спектакльдер мен пьесалар қойғаны үшін 37-ші жылы қуғынға ұшырағаны жөнінде бірінші рет құжаттарды көрсетіп тұрмыз. Кейін оның туыстары да қудалауға ұшыраған. Сонымен қатар, осы қазақ театрының бірінші ұжымының тізімін де анықтадық.

 

REL POST ID: