Қоғам

Пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару

 

Жыл басынан бері елімізде пайдаланылмай жатқан 1,5 млн гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Ал жайылым тапшылығы 29 млн гектардан 8,8 млн гектарға қысқырған. Сонымен қатар, 11 мың үлескер өздеріне тиесілі 500 гектардан астам жерді қайтарған. Олар – Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындары. Еліміздің бас прокуроры Берік Асыловтың мәлімдеуінше, құнарлы алқаптар мен
жайылымдардың, коммерциялық учаскелердің көбін шенді мен шекпенділер иемденіп алған. “Қолы ұзындардан” 145 мың гектар тәркіленіпті. Республикада жерге қатысты 56 қылмыстық іс қозғалғанын да айта кетуіміз қажет. Жауапқа тартылғандар – әкімдік өкілдері мен жер пайдаланушылар. Бүгінгі күнге дейін 9 адам сотталған. Оның бірі – 800-ден астам солтүстікқазақстандықты сан соқтыруға оқталған агроқұрылым басшысы. Айлакер шаруа жақында 6 жылға бас бостандығынан айырылған. Үкіметтің кеңейтілген отырысында өзекті проблемаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті мәрте тоқталып, бұл бағытта жұмыс жалғасатынын айтты.

 


((ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:
қаз: 00:24-01:00 Енді Үкімет облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жерді бөліп-тарату үшін мониторинг картасын әзірлеуі тиіс. Сол арқылы жайылымдық жерге мұқтаж ауыл халқының жағдайын жасаймыз. Жалпы, бармақбасты, көзқысты дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс.))