Спорт

Параспортшы Ербол Хамитов Әлем кубогында жүлде еншіледі

Параспортшы Ербол Хамитов байрақты бәсекеде жүлде еншіледі. Желтоқсанның 10-шы жұлдызында Финляндияда парашаңғы және парабиатлоннан Әлем кубогы бастау алды. Дүбірлі доданың алғашқы күнінде жарыс жолына солтүстікқазақстандық саңлақ Ербол Хамитов шықты. Жерлесіміз 800 метр спринтте жарысты. Басында қарсыластарынан қалыс қалған ол мәреге жақындаған бетте жылдамдықты асырып, өзге спортшыларды артқа тастады. Нәтижесінде параспортшыға жарыстың күміс жүлдесі бұйырды.

 

Алдияр Айтпаев