Спорт

Конькимен жүгіруші Надежда Морозова да өңір қоржынын толықтырды

Байрақты бәсекеден қоржынға тағы да бір күміс. Желтоқсанның 10-ы күні Канаданың Калгари қаласында өткен Әлем кубогында Надежда Морозова өз бағын сынады. Теріскейлік конькимен жүгіруші 1500 метрге жүгіріп жарысты. Нәтижесінде солтүстікқазақстандық бұрымды жапониялық спортшыға ғана есе жіберіп, сайыс тұғырының 2-ші сатысына көтерілді. Жерлесіміздің тіркеген уақыты – 1 минут 52 секунд 82 миллисекунд.

Алдияр Айтпаев