Құқық қорғау органдары

Биыл өңірде із-түссіз жоғалған 474 адам табылды

Тайынша ауданының полицейлері 47 жастағы ауыл тұрғынын бірнеше күн бойы іздеген. Ер адам жалғыз тұрған, ұялы телефон қолданбайды екен. Біраз уақыттан бері көрінбей кеткен азаматты іздеу шараларына жергілікті тұрғындар да қатысыпты. Жоғалған ер адам Ақмола облысынан табылды.
Ол жұмыс іздеп туыстарына айтпай кетіп қалған. Жалпы, соңғы 11 айда полиция қызметкерлері із-түссіз жоғалғандар туралы туыстарынан 480-ге жуық арыз қабылдаған. Басым көпшілігі санаулы күнде табылған. Ал 28 адамға қатысты іздестіру ісі қозғалды. 23-інің жүрген жері анықталды.

 

Самал Жунусова

REL POST ID: