Қоғам

Айыртау ауданында бір үйір жылқы арам өлді

 



Айыртау ауданында бір үйір жылқы арам өлді. Кеше әлеуметтік желіде көлде қатып жатқан Қамбар ата төлінің суреттері желдей есті. Мұны көрген ағайын жаға ұстады. Анық болғандай, бұл – Әлжан ауылының тұрғындарына тиісті мал. Барлығы – 50 бас. Жылқылар 27 қараша күні еркін жайылымда жүрген жерінен көзден тасаболған. Іздестіру шаралары барысындамалдарды полицейлер Барчи көліне батып, мұзға қатқан күйінде тауыпты. Қазір оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.


ТҰРЛЫБЕК ЖАМАЛИДЕНОВ, Айыртауаудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
Алдын ала болжам бойыншажылқылар бақташы болмаған кезде көлдің үстіне шығып кеткен. Содан кейін мұз жарылып, жылқылар суға батып кеткен. Аталған факті бойынша аудандық полиция бөліміне арыздар келіп түспеді. Жануарлардың нақты саны анықталуда.


Байболат Култанов

REL POST ID: