Спорт

Теріскейлік спортшы ел қоржынын алтынмен аптады

 

Солтүстікқазақстандық конькимен жүгіруші Виталий Щиголев төрт құрлық чемпионатында топ жарды. Канаданың Квебек қаласында өткен байрақты бәсекеде теріскейлік саңлақ 5 мың метрге жүгіріп жарысты. Нәтижесінде бұл қашықтықты жерлесіміз 6 минут 22 секундта еңсеріп, жарыстың алтынына ие болды. Ал жеңіс тұғырының 2-ші сатысына кореялық спортшы көтерілді. Қоланы канадалық спортшы қанағат тұтты.


Алдияр Айтпаев