Қоғам

Азық-түлік тағы да қымбаттай ма?

 

 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Жиында айтылған деректерге сүйенсек, биылғы инфляцияға қант пен жеміс-көкөніс өнімдерінің күрт қымбаттауы әсер етіпті. Мәселен, алғаш аталған өнімнің құны 11 айда бақандай 71,9 пайызға ұлғайған. Ал екіншісінікі мамыр-шілде айлары аралғында шарықтаған. Басқосуда Ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай тұрақтандыру қорлары жұмысында қолдануға болатын 3 кезеңдік жаңа тәсілдерді ұсынды. Ал Серік Жұманғарин жәрмеңкелердің маңыздылығына тоқталды.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-сауда және интеграция министрі:
– Демалыс күнгі жәрмеңкелерді қайта жандандырып, адамдарға үстеме және делдалдарсыз қажетті тауарларды сатып алу үшін жағдай жасау қажет. Мен өңірлерге делдалдық схемалар мен баға белгілеу тізбектерін зерттеу үшін аптасына кемінде үш рет өңірлік комиссия отырыстарын өткізуді тапсырған едім. Нәтижесінде қазір Сауда комитеті олардың қызметін тексеріп отыр. Барлық заң бұзушылықтар бірден байқалады, көтерме және бөлшек сауда бағаларын салыстыру жеткілікті. Өңірлік комиссиялар өздерінің негізгі функцияларын орындамайды, дәл осы кезде жедел және уақытылы жұмыс жасау қажет. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта форматтау жөніндегі жұмысты жалғастыруы қажет».


Байболат Култанов

REL POST ID: