Құқық қорғау органдары

66 жастағы тұрғын үйінде 2 қару мен 250 патронды заңсыз сақтаған

Шағын калибрлі “ТОЗ-17” винтовкасы мен 250 патрон, “ИЖ” маркалы аңшы мылтығы. Осының бәрін иесіз үйден тауып алдым деген Қызылжар ауданының тұрғыны өз баспанасында заңсыз сақтап келген. 66 жастағы ер адамның үйін криминалдық полиция басқармасының мамандары жедел-алдын алу шарасы барысында тексеріпті. Табылған заттар тәркіленіп алынып, сараптамаға жіберілді. Аталған фактіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды.


Гульден Симбаева

REL POST ID: