Қоғам

Тұтынушылық несиенің көлемі ұлғайды

Қазақстанда тұтынушылық несиенің көлемі ұлғайды, деп хабарлайды LS ақпараттық порталы. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, қаңтар-қазан аралығында елімізде 7,3 трлн теңге кредит рәсімделіпті. Бұл 2022-ші жылдың 1-ші қаңтарындағы көрсеткіштен 1,15 трлн-ға немесе 18,8%-ға көп. Қаржы ұйымдарына алматылықтар көп жүгінген. Алатаудың бауырындағы ағайын өздерінің жеке қажеттіліктері үшін 2,3 трлн теңге алған. Екінші сатыда – елордалықтар. Ал теріскейліктерге тиесілі көлем біршама төмен. Биыл солтүстікқазақстандықтардың атына 96,5 млрд теңге тұтынушылық несие берілген.


Байболат Култанов