Қоғам

Облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген президиум отырысы өтті

Облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген президиум отырысы өтті. Жиынға аудандық пен қалалық ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен ұйым өкілдері қатысты.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
қаз, план6,0,29 Облыстық ардагерлер кеңесі атқарған жұмысты, болашақта қандай өзгерістерге ат салысамыз деген сұрақтарды қараймыз. Қарт адамдар сенбілігі туралы есеп тыңдаймыз.

Кейін еңбегімен көзге түскен алдыңғы буын өкілдері медальдармен марапатталды. Геннадий Языков – облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі. Құрылыс саласында талай жыл тер төккен жерлесіміз шаһардағы біраз ғимаратты тұрғызуға ат салысыпты. Зейнеткер қоғам өміріне белсене араласады, маңызды шараларды қалт жібермейді. Оған қоса, жас ұрпақтың тәрбиесіне де өз үлесін қосуда. Бүгін теріскейлік облыстың «Құрметті ардагері» медалімен марапатталды.

ГЕННАДИЙ ЯЗЫКОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:
–  Университет, колледж студенттерімен жиі кездесулер өткіземін. Жастарға тәжірибеммен бөлісу – менің міндетім. Осындай ұстанымдамын. Өз кезектерінде қыз-жігіттер көпбалалы отбасыларға көмектеседі. Ондай жұмыстарға мен де қатысып отыруға тырысамын.

Ал, Гүлназ Жұмабекова – Есіл ауданына қарасты Алматы ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы. Нәзікжанды маңызды істердің басы-қасында жүреді. Биыл Өрнек ауылында ескерткіш салуға көп күш жұмсапты. Еңбегі елеусіз қалмады. Азаматша «Игілік. Абырой. Даңқ» төсбелгісіне ие болды.

ГҮЛНАЗ ЖҰМАБЕКОВА, округтік бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, Есіл ауданы:
–  Бізде үлкен бастамалар басталып жатыр. Жастарымыз белсенді. Этноауылға адамдар демалуға келеді. Табиғат тамаша. Мен ауылда біраз жұмыс істедім. Ардагерлер үйінде қолөнершілердің үйірмесі бар. Жанатай батырға ескерткіш салдым. Ауылға зор үлес қосқаным үшін осындай марапат алдым.

Марапаттау рәсімінен кейін биыл атқарылған саяси-тәрбиелік және мәдени-бұқаралық жұмыс туралы есеп берілді.

ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
–  Бастауыш ардагерлер ұйымдары кәсіподақтармен бірлесіп, “Балалар жылына” орай спорттық-мәдени шаралар өткізді. Аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетті. Мәселен, Киров зауытында 1-ші сыныпта оқитын 15 оқушыға сабаққа қажетті керек-жарақтар сыйға тартылды. Полудинодағы балалар үйіне 1 млн 100 мың теңгеге мектеп жарақтары, 100 аяқ киім сыйға тартылды.

Облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген президиум отырысына 50-ге тарта аға буын өкілі қатысты. Айта кетейік, бүгінде облыста мыңнан астам ардагер бар.


Самал Жунусова