Қоғам

Мектепке жылу беру мәселесін Антикор бақылауда ұстайды

Жақында БАҚ беттерінде “М.Жұмабаев атындағы IT мектеп-лицейінде салқын” деген сарында материалдар жарық көрді. Өткен жылы таспасы қиылған 900 орындық оқу ошағына СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов арнайы барды. Тексеріс кезінде жылыту жүйесі қалыпты режимде жұмыс істейтіні, алайда бұрышта орналасқан сыныптарда температураның 15 градустан аспайтыны анықталды. Қала әкімінің орынбасары, құрылыс басқармасы мен мердігер ұйымның басшылығы қатысқан талқылау барысында кемшілікті түзету бойынша нақты тапсырмалар берілді. Бұл мәселені Антикор ерекше бақылауда ұстамақ.


Байболат Култанов