МТРА жаңалықтары

2 күннің ішінде бұрын жасалған 6 мал ұрлығы әшкере болды

 

Өңір полицейлері «Мал ұрысы» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. 2 күнде тәртіп сақшылары бұрын жасалған 6 фактіні әшкере етті. Оның 5-еуі өткен жылы жасалған. Мамандардың сөзінше, өзгенің малына қол салу жайттары еркін жайылымда орын алған. Сондай-ақ, жедел уәкілдер ветеринарлармен бірге мал және ет таситын көліктер мен оны өткізу орындарын тексерді. Нәтиесінде 20-дан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.


Дана Ешкенова