Спорт

Солтүстікқазақстандың кроссфиттен әлем чемионы атанды

 

Жерлесіміз жарады. Роман Джантлеев кроссфиттен әлем чемпионы атанды. Спорт шеберлері арасындағы функционалдық көпсайыс Нидерландыдағы Аруба аралында қарашаның 17-сі мен 20-сы аралығында өтті. Петропавлдық спортшы 40 жастан асқандар санатында 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.

РОМАН ДЖАНТЛЕЕВ, кроссфиттен әлем чемпионы:
–  Бұл сайысқа жарты жыл бойы дайындалдым. Спорт залдан шықпайтынмын десем болады. Өзім кроссфитпен 2014 жылдан бері айналысып келемін. 20-шы жылы бұл спорт түрінен әлем чемпионатында жүлдегер атанған болатынмын. Бірақ, ол дода онлайн форматта өтті. Кейін өзіме көк туымызды желбіретіп, еліміздің намысын шетелде қорғаймын деп уәде бердім.

Ерік-жігер, табандылық пен жаңа биіктерге деген ұмтылыс. Бұл қасиеттер Роман Джантлеевке тек алға жылжуға, қандай да бір нәтижелерге қол жеткізуге жетелейді. Азамат тағы бір мақсатыма жеттім дейді.

РОМАН ДЖАНТЛЕЕВ, кроссфиттен әлем чемпионы:
ауд, план17, 02,22 Биылғы сайысқа 35-тен астам ел өкілдері қатысты. Мықты деген 300-ден астам спортшы бақ сынады. Жарыстың бірінші күні төзімділіктен сынға түстік, яғни жүгіру мен жүзуден мықтыны анықтадық. Екінші күні гимнастикадан жарыстық.

Роман спортқа бала кезінен жақын. Бокс, жеңіл атлетика, жекпе-жекпен айналысқан. Айтуынша, кроссфит – спорттың ең қызықты түрі. Себебі, басқаларына қарағанда ол өзінің әртүрлілігімен ерекшеленеді. Икемділік пен шыдамдылықты арттырады. Қазақстанда
кроссфитпен айналысамын деушілер көп, сол себепті, бұл спортқа мемлекет тарапынан қолдау қажет дейді.

РОМАН ДЖАНТЛЕЕВ, кроссфиттен әлем чемпионы:
–  Шет елдерде кроссфит федерациясы жақсы дамып келеді. Мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетіледі. Аталған спорт түрінің Өзбекстан, Еуропа мен Америкада келешегі зор. Бізде де федерациясы бар, бірақ оның жұмысына қарқын қосу қажет.
Жастарға мемлекет тарапынан қолдау керек.

Қазір Роман Джантлеев 2023 жылы Канадада өтетін әлем чемпионатына дайындалуда.


Самал Жунусова