Құқық қорғау органдары

СҚО-да мал ұрлығы азайды

 

Тайынша ауданында 100-ден астам Қамбар ата төлі жылқышысыз жайылған. Бұл құқық бұзушылық болып саналады. Қазіргі таңда тұяқтылардың иесі анықталып жатыр. Алдағы уақытта ол әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ. Салынатын айыппұлдың көлемі 9540 теңгені құрайды. Естеріңізге сала кетейік, бағылмайтын жануарлар жолға шығып, салдарынан апат орын алуы ықтимал. Сонымен қатар, қараусыз жүрген төрт аяқтылар ұрылардың оңай олжасына айналуы мүмкін. Қуанышымызға орай, жыл артқан сайын өңірде мұндай қылмыс азайып келеді. Былтыр облыста 31 мал ұрлығы тіркелсе, биыл 21 факті анықталған. Оң өзгеріске түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі мен тәртіптің қатаңдатылуы ықпал етіп отыр. Ағымдағы жылы аймақта малдарын еркін жайылымға жіберген 4030 адам жазаланыпты. Ал 11 мыңнан астам тұяқты арнайы орындарға қамалған.


Байболат Култанов