Құқық қорғау органдары

Өмірінің 15 жылын темір торда өткізуі мүмкін

 

ЛЮФТ: 

– Где именно находятся наркотики? – В портфеле и в кармане. – В портфеле и в кармане, да?

Бұл видео қыркүйек айының соңында түсірілген. Петропавл қаласының 24 жастағы тұрғыны гараж кооперативтерінің бірінде синтетикалық есірткі сақтап, өткізіп отырыпты. Жеке тінту кезінде күдіктінің қалтасынан кристалл тәрізді зат салынған 3 және портфелінен 20 полимер түйіншек тәркіленген.

ЛЮФТ:

– В правом кармане имеется. Видите, да? – Свёртки, замотанные синей изолентой, в количестве трёх штук.

Жігітті тергеп-тексеру барысында гараждардың бірінің астынан жасырын орын да табылады. Ол жерден бақандай 60 түйіншек тәркіленген.
Бүгінде сараптама нәтижесі дайын. Алынған заттың «Тұз» деген атпен белгілі синтетикалық есірткі екені анықталып отыр.

 БАУЫРЖАН ӘБДІЛМАНОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
–  Оның әрекеттері 297-баптың 3-бөлігі бойынша сараланып отыр. Бұл бап бойынша он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Алынған заттың жалпы салмағы 39,33 грамды құраған. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі таңда жас жігіт қамауда отыр.


Байболат Култанов