Құқық қорғау органдары

Мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Мас күйінде көлік басқарған теріскейлік 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.
Жуырда полиция қызметкерлері Петропавлдың айналма жолында келе жатқан “Mitsubishi” автокөлігін тоқтатқан. Тексеру барысында 47 жастағы жүргізушінің машинаны масаң күйде басқарғаны белгілі болды. Ер адам бұл ерсі қылығы үшін жауапқа тартылып, көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл факт “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында анықталды.

ЛЮФТ:
– Страховой полис имеется? В бумажном варианте имеется?

Жыл басынан бері облыста мас жүргізушілердің кесірінен 6 адам қаза тауып, тағы 23 адам түрлі дене жарақатын алды. “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында өңір полицейлері көлікті масаң күйде басқарған 27 жүргізушіні ұстады. Сондай-ақ, басқа да жол ережесін бұзудың 3 мыңға жуық фактісі тіркелді.

Баян Байғаскина, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы
– Аталған іс-шараны жүргізу нәтижесінде жол қозғалысы ережелерінің 2954 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде өрескел бұзушылықтар да бар. Яғни, көлік құралын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүргізудің – 27, көлік басқару құқығынан айырылып қайтадан көлік жүргізудің – 12, жолдың қарсы бағытына шығудың – 3, белгіленген жылдамдықты асырудың – 174, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 283 бұзушылығы анықталды. 

Мамандардың сөзінше, жолда жүру ережелерін жаяу жүргіншілер жиі бұзады. Жыл басынан бері өңірде жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуге қатысты 345 хаттама толтырыпты.


Дана Ешкенова