Мәдениет

Үздік отбасылар анықталды

Облыс орталығындағы “Жас отбасы” клубына мүше отбасылар өзара сынға түсті. Конкурс 3 аталым бойынша өтті. Номинацияның бірі – «Үздік көпбалалы отбасы». Мұнда жанұялар видео арқылы өз өнерлерін ұсынуы тиіс. Тайынша ауданының намысын қорғаған Максяев отбасының бағы жанды.

ЮЛИЯ МАКСЯЕВА, байқауға қатысушы, Тайынша ауданы:
– Маған бұл байқауға қатысу қызық болды. Басында күйеуім қатысқысы келмеді. 5 балам бар. Күйеуіммен отасқаныма 12 жыл болды.

Айта кетейік, осы жылдың жаз айында “Мерейлі отбасы” жобасы аясында облыста “Жас отбасы” клубы құрылды. Басында ұйымға 30-дан астам жанұя мүшелік етсе, қазір 50-ге жеткен. Олар конкурстарға ғана қатыспайды. Түрлі іс-шараларда жүздесіп, пайдалы кеңестермен алмасады.

ӘНУАР БЕРДІБЕКҰЛЫ, «Рух.Тіл.Жаңғыру» ҚБ төрағасы:
– Әр айда психолог, заңгер, денсалуық саласы өкілдерімен, қаржыгерлермен кездесу ұйымдастырып отырамыз. Әкелер күніне арналған іс-шаралар өткіздік. Отбасылармен киелі жерлерге саяхат ұйымдастырдық. Патриоттық жағынан да жұмыс жүргізудеміз.

Әр номинация бойынша жүлделі орындарға ие болған отбасыларға диплом мен ақшалай сертификат табыс етілді.


Гульден Симбаева