ТЖ

Уәлиханов ауданында “Қыс-2022” оқу-жаттығу жиыны өтті

Құтқрушылар Уәлиханов ауданында басқа сценарий бойынша әрекет етті. Кішкенекөл ауылының тұсында кетіп бара жатқан көліктен өрт шықты. Ішінде адам қалып қойған. Мамандар көліктің есігін бұзып, ішіндегі адамды аман-есен алып шықты. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, құтқарушылар боранда тоқтап қалған автобустағы жолаушыларды эвакуациялады. Жолға шыққан жандар мектептегі жылыту қосынына орналастырылды. Бұл жаттығулар “Қыс-2022” республикалық командалық-штабтық шаралары аясында өткізілді. Осылайша, мамандар техника мен өздерінің дайындықтарын пысықтады.


Гульден Симбаева