Білім

Педагогтардың облыстық семинары өтті

Инновациялық мектептер, «география», «биология», «химия» пәндері мен менеджмет. Осындай 10 секция бойынша Бескөлде облыстық семинар өтті. Педагогтар бір-бірімен тәжірибе алмасып, білім саласындағы сапаны арттырудың өзекті мәселелерін талқылады. Асылтас Базкенова – «Парасат» мектеп-лицейінің мұғалімі. Нәзікжанды әріптестеріне сабақ барысында заманауи технологияны қалай тиімді қолдануға болатыны жайлы баяндады.

АСЫЛТАС БАЗКЕНОВА, «Парасат» мектеп-лицейінің мұғалімі, Қызылжар ауданы:
– Мен өзім ақпараттық-коммуникативтік технологиялар және география сабағында телефонды қалай оқыту құралына айналдыруға болады. Яғни, қандай платформалар арқылы сабақ өткізуге болады. Осы жайында өз тәжірибеммен бөлістім.

«Педагогтардың өсу факторы ретінде тиімді әдістемелік кеңістік жүйесі» атты семинарға өңіріміздің бүкіл аудандарынан жиналған 300-ден астам ұстаз қатысып жатыр. Форумның пленарлық бөліміне облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков ат салысты.

НӘЗІР ЖӘШІБЕКОВ, СҚО білім басқармасының басшысы:
– Біздің өңірде ауқымды әдістемелік іс-шаралар, конференциялар, форумдар мен съездер өткізіледі. Білім беру жүйесінде “Шеберлер зертханасы”, “Әр бала – бір жұлдыз” сынды ірі жобалар құрылуда. Бұл білім саласына тиімді тәсілдерді енгізуге септеседі.

Биыл Қызылжар аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеті үздік деп танылды. Бөлім мамандарына облыстық білім басқармасынан 1 млн теңге табыс етілді. Ал Бескөлдегі «Парасат» мектеп-лицейі үздік мектеп атағына ие болды.


Самал Жунусова