Құқық қорғау органдары

Бірге ішімдік ішіп, артынан жауыздықпен өлтіріп кеткен

М.Жұмабаев ауданындағы Совесткое ауылында жаға ұстатарлық оқиға тіркелді. Қарашаның 14-і күні екі тұрғын бірге ішімдік ішкен. Арты жанжалға ұласып, ер адам нәзікжандыны соққыға жығып, балталап тастаған. Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан 56 жастағы тұрғын ажал құшты. Ал денесі тек 3 күннен кейін ғана анықталған. Анасы бірнеше күн телефон қоңырауына жауап бермеген соң, қызы үйіне барған. Кіреберістен мәйітті көріп бірден тәртіп сақшыларына хабар беріпті. Кісі өлтірді деген күдікпен 52 жастағы ер адам ұсталды. Мән-жайды айтып берген қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды, сараптама тағайындалды.


Алтынай Казиканова